Ақтөбе: 4 отбасыға 6 тонна көмір түсіріп берді 442

Ақтөбе: 4 отбасыға 6 тонна көмір түсіріп берді

05 қаңтар 2021 222 Оқу 1 минут

ҚМДБ Зекет қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, наиб имам Алмат Әли Ақтөбе қаласындағы тұрмысы төмен 4 отбасыға «Жылулық сыйла» акциясы аясында 6 тонна көмір түсіріп берді. Қысқы маусымда мұқтаж жандардың мұңын сейілту мақсатында жасалған аталмыш игі іске ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілдері де атсалысты.

Көмек алған отбасылар қиын-қыстау кезеңде жандарынан табылып, қайырымдылық жасаған дін қызметкерлері мен жомарт азаматтарға алғыс айтып, отбасыларына амандық тіледі. Атсалысқан барша жаны жомарт жандарға Алла разы болғай!


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі