Үстел теннисінен жамағатаралық сайыс өтті
ҚМБД “Ислам және ізгі қоғам” бағыты аясында және 25 қазан Республика күні қарсаңында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің және дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өтті. Жамағат арасында өткен сайыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, ауызбіршілікті дәріптеу.
Тартысты ойын нәтижесінде жүлделі бірінші орынды Ақтөбе облыстық орталық “Нұр-ғасыр” мешітіне иелесенсе, екінші орын “Әс-салам” мешітіне, үшінші орын “Досжан хазірет” мешітіне бұйырды. Үздік командалар бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.