Шалқар жамағаты табиғат аясында бас қосты 1947

Шалқар жамағаты табиғат аясында бас қосты

23 шілде 2022 129 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының имамдары мен жамағаты табиғат аясына серуенге шықты.

Аталған шара жамағат арасындағы бірлік, ынтымақ пен ауызбіршілікті арттырып, бауырмалдық қатынасты күшейту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, «Мұғалжар көлінде» бас қосты.

«Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында мешіт тарапынан игі шараларды көптеп ұйымдастырып келеміз. Бүгінгі басқосуымыз да соның бір жарқын дәлелі. Алла Тағала мұсылмандардың берекесі мен бірлігін арттырсын!» -деп аудан имамдары ізгі тілегін білдірді.

Табиғат аясында өткізілген шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, жамағатқа ақ дастарқан жайылды. Одан өзге жиналған жұртшылыққа имамдар тарапынан уағыз-насихат айтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі