Шалқар: Ауданының имамдары «Жанаман ахун Сейітімұлы» кесенесін зиярат етті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасы бойынша Шалқар ауданының имамдары «Жанаман ахун Сейітімұлы» кесенесін зиярат етті.
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен рухани сапарға 4 имам және мешіт ақсақалдары қатысты. Алдымен имамдар Бегімбет ауылы маңындағы қорымға барып, «Жанаман ахун Сейітімұлы» кесенесін зиярат етіп, Құран бағыштады. Одан кейін «Есет Көтібарұлы» кесенесіне зиярат жасалды.
Айта кетейік, Жанаман ахун Сейітімұлы Шалқар қаласындағы мешітте біраз жыл имамдық қызмет атқарып, өңірге белгілі діндар кісі болған.
«Дархан Дала» отандық туризм бағытымен осы аталған жерлерге зиярат жасалды. Бұл жобаның басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі