Шалқар: Ауданның Бас имамы өлкетану мұражайына саяхат жасады 2481

Шалқар: Ауданның Бас имамы өлкетану мұражайына саяхат жасады

14 ақпан 2023 286 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Шалқар аудандық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында 5 бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» бойынша Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков мешітке келуші жастармен бірге өткен тарихқа көз жүгіртіп, атадан балаға мирас болып келе жатқан көне мұраларды тану үшін Шалқар аудандық өлкетану мұражайына саяхат жасады.

«Мұражай – халық қазынасын сақтап қана қоймай, насихаттап, өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қызмет ететіні ақиқат. Осы тұрғыдан дін де мәдениет пен өнерге көп көңіл бөліп, тәрбие құралы болып табылады»- деп ауданның бас имамы атап өтті.

Кездесу қортындысында «Өткенін білмей, болашағын болжай алмайды» - деп дана халқымыз айтқандай туған елінің дәстүрімен тарихын танып, оны өз бойына сіңіріп өскен өскелең ұрпақ әрқашан өз елінің патриоты болатыны анық. Мен сіздерге дін ілімімен қатар тарихымызбен дәстүрімізді толық танып білуге кеңес етемін» – деп өз сөзін тәмәмдады.

Шараға қатысушылар ұйымдастырушылар мен бас имамға ризашылығын білдіріп, ізігілікті насихаттайтын шаралар жалғасын тапса деген ұсынысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі