Садырханов Жұманазар Өсерханұлы
Садырханов Жұманазар Өсерханұлы – 23 қарашада 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986 жылы мектеп табылдырығын аттаған. Исламтану ғылымдарының магистрі, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әрі атақты хафиздерінің бірі. 1992-1996 жылдары аралығында Түркия Республикасы, Стаvбул қаласындағы «Мәһмет Акиф Ерсой» атындағы қарилар мектебінде Құранды толық жаттап шыққан. Қазақстанға оралғаннан кейін, 1997 - 2000 ж.ж. аралығында Алматыдағы Ислам Институтында білім алған.
2000 жылдан бері Құран хатым түсіріп келе жатқан қари. 2001 жылы Үндістандағы Дели қаласында, 2003 жылы Малазияда Әлемдік Құран жарыстарына қатысқан. 2004 жылы Орта Азия бойынша Құран жарысына қатысты.
2002-2013 жылдары Алматы қалалық орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарған. Сонымен қатар Көктебедегі қарилар мектебінде ұстаздық еткен.
2002-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласының Орталық мешітіне наиб имам болып, жемісті еңбек атқарған.
2000 – 2013 ж.ж. аралығында Алматы қалалық Орталық мешітте 13 жыл бойы Құран - хатым түсіріп келген.
2013 - 2015 ж.ж. аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратура оқыған. Абай атындағы мемлекеттік университеті халықаралық қатынастар факультетінің түлегі.
2013-2019 ж.ж. аралығында Нұр-Сұлтан қаласы "Сәдуақас Ғылмани" мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде наиб имам қызметін атқарып келеді.
Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» медресесінде сабақ бере жүріп, Республикалық Құран жарыстарының жүлдегерлері болған 12 - 23 жас аралығындағы 10 хафизді тәрбиелеп, ғылым жолына баулыған.
Индия, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарында, Орта Азия бойынша екі рет 2 - орынға ие болған. Қазақстандағы Қарилар комиссиясының құрметті мүшесі.
Үйленген. Үш қызы, екі ұлы бар.
Құран хатым өтіп жүрген толық қари.