РАНТ мүшесі жамағатты бірлікке шақырды
ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жалдық жоспарына сәйкес «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Дінмұммед Сманов Ақтөбеге іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде құптан намазынан кейін жиналған жамағатқа дастархан басында «Исламдағы бірлік» жайлы уағыз айтты. Жамағат ұстазға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптар тыңдады.