РАТТ мүшесі – Ақтөбе өңірінде
Бүгін Аңсар ақпараттық-талдау орталығының мұрындық болуымен, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Руханият музейінде РАТТ мүшесі, теолог Талшын Зарқымқызымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Талшын Зарқымқызына жат ағыммен күрес жолындағы қызметіне қажырлы қайрат пен табыс тілеп, оңалту саласында қыз-келіншектермен жұмыс жасаудағы мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар шарада Талшын Кужахметова жамағат пен телогтарға, журналистер мен психологтарға «Қайран менің қазағымның асыл жанды әйелдері-ай» тақырыбында баяндама жасап, аяулы аналар, салиқали келіндер, инабатты бойжеткендер мектебінің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара қортындысында қатысушылар дін тақырыбында толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жеке өтініштерін білдірді.
Еске салсақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың 7 бағыты бекітілді. Оның бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Осы аталған бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсетіп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі