РАНТ мүшесі «Шеруге шығудың үкімі» туралы сұхбат берді
«Aqtobe» телеарнасында тікелей эфирде өткен «Иман нұры» бағдарламасында РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы қонақ болып, «Шеруге шығудың үкімі» аясында сүбелі сұхбат берді.
Сұхбат барысында РАНТ мүшесі шеруге шығудың шариғат рұқсат еткен әдептеріне тоқталды. Сонымен қатар тұрғындарды шетелдік діни ұйымдардың жалған діни ұрандарына сеніп, арандап қалмауға шақырып, ҚМДБ-ның пәтуалары мен үндеулеріне басты назар аударуларын сұрады.
Одан өзге тікелей эфирде Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Дінде шыктен шығудың қауіптілігі» тақырыбындағы сауалдарға жауап беріп, татулық пен бейбітшіліктің қадірін атап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі