РАНТ мүшесі Шалқар ауданына іс-сапармен барды 3225

РАНТ мүшесі Шалқар ауданына іс-сапармен барды

01 наурыз 2024 250 Оқу 1 минут

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ, РАНТ МҮШЕСІ КҮЗЕНБАЕВ НҰРЛЫБЕК ШАКИЗАДАҰЛЫ 22-23 АҚПАН күндері ШАЛҚАР АУДАНЫНА арнайы іс-сапармен барды.

Аталған сапар барысында бірнеше мекемелерде кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп әрі жат ағымның алдын алу және одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Кездесудің алғашқы күні жергілікті «№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мен «№ 1 мектептен тыс Аула клубы» мекемесінде

«Спортшының діни ұстанымы оның жетістікке жетуіне кері әсер етпейді» атты тақырып төңірегінде сөз қозғады. Кейін «В.Цеханович атындағы 1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» туралы , бүгінгі замандағы діни құндылықтардың аса маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, аудандық обаға қарсы күрес мекемесінде

«Діни сауаттылық – қауіпсіздік кепілі» жайлы түсіндіру жұмыстарын өткізіп, дініміздегі жауапкершіліктің орны және жан-жақты сауатты болудың міндет еткендігін және теріс пиғылдағы ағымдардың көзқарастары туралы да атап өтті. Кейін №8 ЖОББМ

«Дін және қазіргі қоғам» жайлы кездесу өткізіп, аудандық «М.Қоқанұлы» мешітінде жамағатпен жүздесті. Және де «Ана тағзым» орталығында жалпы кездесу мен Шалқар ауданының волонтерлары және белсенді жастарымен келелі сұхбат аясында «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбы аясында ой өрбітіп, жастардың өзекті сауалдарына жауап берді.

Іс-сапардың соңғы күнінде «М.Қоқанұлы» мешітінде «Исламдағы сауда-саттықтың орны мен әдебі» туралы жұма уағызын жүргізді. РАНТ мүшесі кейін аталмыш мешітте құптан намазынан соң жамағаттың бірлігін арттырып, ынтымағын нығайту мақсатында ай сайын жайылатын басқосу дастарханында уағыз айтты.

Екі күндік сапар барысында,ақпараттық түсіндіру жұмыстарына 700 адам қамтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі