РАНТ мүшесі аудандық мешітте Жұма уағызын айтып, патуа сағатын өткізді
ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облысына РАНТ мүшесі шақыртылып, насихат жұмыстары жүргізілді.
РАНТ мүшесі, Орал медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы сапары барысында «Нұр» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – КЕШІРІЛМЕЙТІН КҮНӘ» тақырыбында Жұма уағызын айтты.
Дініміз мұсылмандарға адал еңбек етуді бұйрып, біреуге зиян тигізіп, ақысын жеуден тыйған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 188-аятында:
وَلاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ وَتُدْلُواْ بِهَا إِلَى الْحُكَّامِ لِتَأْكُلُواْ فَرِيقًا مِّنْ أَمْوَالِ النَّاسِ بِالإِثْمِ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ
«Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін (өздеріңе тиесілі болмағанын) негізсіз алу үшін басшыларға пара ретінде беруші болмаңдар», – деп айтқан («Бақара» сүресі, 188-аят).
Халқымыз ұрпағына: «Ешкімнің ала жібін аттама» деп, өзгеге қиянат жасамауды, зиян бермеуді, ақысыз мал-дүниесіне қол салмауды кішкентайынан үйретіп, құлағына құйып өсірген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
مَنِ اقْتَطَعَ شِبْرًا مِنَ الأرْضِ ظُلمًا، طَوَّقَهُ اللَّهُ إِيَّاهُ يَومَ القِيَامَةِ مِن سَبْعِ أَرَضِينَ
«Кім бір қарыс жерді зорлықпен тартып алса, сол жердің жеті есесі қиямет күні мойнына жүктеледі», – деп ескерткен (имам Мүслим).
Сондай-ақ, Жұма намазынан кейін мешіт жамағатына Сұрақ-жауап патуа сағатын өткізді. Жамағаттын көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап беріп қандайда діни сұрақтар болса ҚМДБ-ның бекітілген мамандардын сұрауға кеңес берілді.