ПІТІР САДАҚАНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Сұрақ: Әссәләәму алейкум! Асыл дінімізде әрбір амалдың белгілі бір себебі бар. Менің білейін дегенім, пітір садақасының сыры неде?
Жауап: Уа алейкум ассалам!
Абдулла бин Аббас (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бізге пітір садақасын оразаны жаман сөз бен іс-әрекеттен тазалаушы және кедей-кепшіліктерге ас болу үшін міндеттеді[1]», - деген риуаяты бар.
Демек, пітір садақаның екі сыры бар: біріншіден, ораза кезіндегі артық сөз бен іс-әрекеттен кісінің ораза құлшылығын тазарту болса, екіншісі, айт күні кедей кісілердің де мерекелеуіне мүмкіндік жарату.
Дайындаған: nurgasyr.kz
[1] Әбу Дауд