Пайғамбарымыз(ﷺ) қолдануға кеңес берген пайдалы өсімдік
Нәбихи ибн Уахб (Алла оған разы болсын) баяндайды: «Бірде Осман ибн Аффан (р.а.) екеуміз келе жатып Омар ибн Убайдуллахты (Алла оған разы болсын) кездестіріп қалдық. Ол көзінің ауырып тұрғанын айтты.
Сәлден соң ауруы күшейе түсті. Сонда Осман ибн Аффан (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін: «Егер кімде-кімнің көзі ауыратын болса, оған алоэ байласын» айтып, солай істеуге кеңес берді» (Муслим, сахих).
Алоэ медицинада ертеден қолданылып келе жатқан өсімдік. Ол іш жүргізетін, өт айдайтын, қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Асқорытуды, ми мен жүрек жұмыстарын жақсартады, түрлі тері ауруларын, күйікті, қаназдықты емдейді.
Безеуден арылу үшін шырынын бетке аптасына 2-3 рет жағу керек. Шырынымен тісті, қызыл иекті ысқылап, қатайтуға болады.
Ішке қабылдау үшін 100 мл. алоэ шырынын 300 г. бал, 3-4 лимон шырынымен, грек жаңғағымен араластырып күніне 3 рет тамаққа дейін жарты сағат бұрын қыбылдаған жөн.