«Отбасы шаңырағының астында» шарасы өтті
Халықаралық отбасы күніне орай Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының қолдауымен «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығының» ұйымдастыруымен өңірлік діни бірлестіктер арасында «Отбасы шаңырағының астында» іс-шара өтті.
Шараның басты мақсаты – облыстағы діни бірлестіктер өкілдері арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтып, отбасылық шығармашылықтың өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеудегі рөлін арттыру.
Іс-шара топтың іс-шара тақырыбына сай таныстырылымы, отбасы дәстүрлері, көрініс (музыкалық нөмір, би және т.б.) формат бойынша өрбіп, әр конфессия өз шығармашылықтарын ортаға салды.
Аталған шара барысында Ақтөбе қалаcындағы мешіт ұстаздары “Исламдағы отбасы құндылығы” тақырыбы туралы айтып, мешіт шәкірті Елшат Еркінұлы “Бес парыз” термесін орындады.
Шара қортындысы қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram