26 Мұхаррам
Ойыл: Дәстүрлі садақ ату турнирінде аудандық мешіт ұжымы топ жарды 4473

Ойыл: Дәстүрлі садақ ату турнирінде аудандық мешіт ұжымы топ жарды

06 мамыр 2025 192 Оқу 1 минут

Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен садақ атудан аудандық турнир өтіп, оған 7 команда арасында  Ойыл аудандық мешіті топ жарды. 

Жарыс қортындысы бойынша I орынды Қаракемер ауылы, II орынды Ойыл аудандық мешіті, III орынды Косембай ауыл командасы иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетсек, садақ ату елімізде спорт ретінде 1967 жылдан бастап дамып келеді. Психологиялық және физикалық тұрғыда да пайдасы зор. Адамды сабырлыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ көздің көру қабілетін жақсартуға, арқа мен мойынға және өзге де дене мүшелеріне өте пайдалы. Одан өзге садақ ату — сүннет амал.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі