Облыстың Бас имамы шәкірттермен кездесті 2266

Облыстың Бас имамы шәкірттермен кездесті

16 қараша 2022 2563 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман «Жұмыс берушілер күніне» орай «Ақтөбе» медресе-колледжінің биыл бітіретін 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында облыстың Бас имамы шәкірттерге оқуды жақсы бітірулеріне тілектес екенін айтып, бүгінгі таңдағы діни қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, оларды Ақтөбе облысындағы мешіттерге қызмет етуге шақырды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысындағы аудан, ауыл, қала мешіттерінің бүгінгі жағдайын баяндап, қызмет бабы бойынша сұранысқа ие орындарды да атап өтті. Ал наиб имам Мұхаммедисмаил Шадман білім алу мен қатар зекеті бар екендігі туралы тоқталды.

Айта кетсек, 2023 жылы аталған оқу орнын 24 шәкірт бітіреді.

Одан өзге облыстық дін істерінің басшысы дін маманына бүгінгі таңда жасалып жатқан материалдық жағдайға тоқталып, діни қызмет барысындағы жауапкершілік жайлы ақыл-кеңесін білдірді.

Шара қортындысында оқу орнының басшысы, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның атынан облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлын алғыс хатпен марапаттады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі