Облыстың Бас имамы Мұғалжар ауданының әкімімен кездесті 3595

Облыстың Бас имамы Мұғалжар ауданының әкімімен кездесті

04 қыркүйек 2024 421 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев аудан әкімі Дархан Ермағанбетовпен кездесті.

Кездесу барысында облыстың бас имамына аудан басшысы өңірдегі діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырды.

Сонымен қатар Облыстың бас имамы жаңа қызметіндегі алғашқы жұмыс сапарын Мұғалжар ауданынан бастағандығын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Одан өзге дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелері талқыланды.

Амантай Әбілдаұлы жат ағымның алдын алу мәселерінда жастардың иммунитетінін қалыптасыру туралы айтты.

Аудан әкімі өз кезегінде облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп жұмыс атқарып, барынша қолдау көрсететіндігін білдірді.

Облыстың Бас имамы «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.

Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды бірлесе атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі