Облыстың Бас имамы дін жанашырын мерекемен құттықтады
Бүгін алда келе жатқан 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев дін жанашыры Құсайынов Сағынай қажы ақсақалды арнайы мерекемен құттықтады.
Облыстың Бас имамы: «Біз «Төріңнен қарт кетпесін» деп дұға тілеген елміз. Дінімізде үлкенді құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген .Расында, дінімізде Алла Тағаланы ұлықтау тек тілмен зікір ету немесе ертелі-кеш құлшылық етумен ғана емес, Алла разылығы үшін деп істелген әрбір игі іспен жүзеге асады. Ислам дінінің кереметтілігі міне, осыда жатыр. Қай кезең, қай заманда болмасын үлкендерді сыйлағандықтан зиян көрген қоғам болмаған. Қарттарға ілтипат көрсету – ең асыл, ең қымбат қасиет. Құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз»,- деп «Бақытжан» мешіті Ақсақалдар алқасының мүшесі, өңірдегі көптеген мешіттердің салынуына мұрындық болған дін жанашырына алғысын білдіріп, арнайы сый-сияпат жасады.
Дін жанашыры арнайы құтықтап келген Бас имам мен облыстық дін істері басқармасының басшысына ақ батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі