Қобда: «Біз Пайғамбырымызды (с.ғ.с) сағындық» кеші өтті
Ақтөбе облысы, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінде «Біз Пайғамбырымызды (с.ғ.с) сағындық» атты Мәуліт кеші өтті.
Кешті мешіт ұстаз Баян Мустахап жүргізді.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар»,- деп бұйырған.
«Адамдарды ізгі амалдар жасауға, ауызбіршілікке насихаттау сауапты іс. Мәуліт өткізудегі мақсат – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) асыл ғұмырын, өшпес өнегесін тағы бір ой тізбегінен өткізу. Бірақ, бұл бір күнмен ғана шектеліп қалмауы керек. Алла елшісінің (с.ғ.с) сүннетін бойымызға сіңіре білуіміз қажет, —деді.
Кеш барысында топтар болып, бөлініп, сайысып, танымдық сұрақтар қойылды, жауаптар алынды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жақсы көрген тағамдарынан дастархан жайылды.
Мәуліт кешінде Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ерекше ықыласпен салауаттар айтылып, сәлемдер жолданды.
Келген қатысушылар Алла елшісі (с.ғ.с) жайлы, оның көркем мінезі, ғибратты ғұмыры мен адамзат үшін атқарған зор еңбегі жайлы мол мағлұмат алып, рухани әсер алып қайтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі