Қобда: Бірлік күні қайырымдылық турнирі өткізілді
1 мамыр – бірлік күні мерекесіне орай Қобда ауданында жамағат пен жастар арасында волейболдан қайырымдылық турнирі өтті.
Сайысқа 7 команда қатысып, 1 орынды «Қобда» командасы, 2 орынды «Бестау», 3 орынды «Жарық» командасы қанжығасына байлады. Ақшалай 70 000 теңге жиналып, үйі өртке құшқан отбасыға қолдау ретінде қайырымдылық берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі