Наиб имам Шалқар ауданында
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман 2 күн іс-сапармен Шалқар ауданына барды.
Алғашқы күні түске дейін «Матай Қоқанұлы» мешітінде оңалту бағытында жеке кездесулер өткізді. Одан кейін «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешітінде «Рамазан айында түнгі құлшылықтардың орны» тақырыбында , ал құптан намазы уақытында аталған мешітте «Оразаның сыйын Алланың өзі береді» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ намаздан соң жамағаттың сұрақтарына жауап берді.
Ауызашар басқосуында наиб имам ақида мәселелері мен «Күпір» сөзін дұрыс қолданбау туралы түсіндіріп өтті.
Тарауих намазынан кейін «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешіті жанындағы медресе ғимаратында екі мешіттегі қариларға екі мемлекеттегі тарауих намазының ерекшеліктері, рамазан айының артықшылығы жайлы түсіндірмелік сұхбат жүргізді.
Іс-сапардың екінші күнінде «Жанаман ахун Сейтімұлы» мешіті жанындағы медреседе «Ораза мұсылман қауымының ынтымағы мен бірлігінің нышаны» атты семинарда мешіт тәртібін сақтау жолдары, бет сипау, жамағатпен зікір тарту секілді мәселелердің жамағат арасында дұрыс түсінік қалыптастыру жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар жамағат арасында көптеген келіспеушіліктерге себеп болып жүрген жайттардың бірі – тек қана үкімдерді дұрыс түсінбеу салдарынан екендігіне ерекше тоқталып өтті. Егер түсінбейтін жайттар болатын болса, жергілікті имам мен ұстаздардан сұрау керек екендігігі айтылды. Кездесу соңында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.
Одан өзге «Матай Қоқанұлы» мешітінде ауызашар дастарқанында «Рамазан тек қана ішу мен жеуден тыйылу емес, сонымен қатар рухани тазару айы» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі