Наиб имам «Иман нұры» бағдарламасында қонақ болды
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли «Aqtobe» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында қонақ болып, «Кісі ақысы түсінігі» тақырыбында сұхбат берді.
Бағдарлама әлқисасы «Адамның хақы» мен діндегі «кісі ақысы» бір мағынада ма? Жалпы алғанда исламдағы «кісі ақысы» түсінігі құқық пен хақы сөздеріменде бір мағынада қолданылады ма?»,-деген сауалдан басталды.
Сонымен қатар наиб имам сұхбат барысында өзгенің ақысын жеген адамның шариғаттағы үкімі туралы толығырақ айтып берді.
Бағдарламаны жуырда «Aqtobe» телеарнасынан жұма күні көре аласыздар.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі