Наиб имам 770 адаммен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғали Хромтау ауданына арнайы іс-сапармен барып, аудан жастары және жамағатпен жүздесті.
Іс-сапардың алғашқы күні ақшам намазынан кейін 250 адамға жайылған ауызашар басқосуында және құптан намазының алдында Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндіріп, уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар арнайы сапардың келесі күні 350 адамға жұма намазын өткізді. Одан өзге 10 адаммен жеке кездесу өткізді.
Наиб имам жалпы саны 770 адамды қамтыған кездесуде, аудан жамағатының сауалдарына жауап беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі