Мәртөк: Жамағат арасында футболдан жарыс өтті
ҚМДБ бекіткен 2022 жыл – «Ислам ынтымақ пен бірлік жылы» аясында жамағат арасында татулықты арттыру мақсатында Мәртөк аудандық мешітінің бас имамы Зарлық Ералинның ұйытқы болуымен аудан жастары және жамағаттың қатысуымен шағын футболдан жарыс өтті.
Аталған сайысқа Қобда ауданы, Ақтөбе қаласы және Сарыжар мен Саржансай ауылдарынан командалар белсене қатысты.
Тартысты өткен додада Сарыжар командасы жеңімпаз атанып, Мәртөк жамағаты екінші орынды иеленді. Ал жеңімпаздарға ұйымдастырушылар медаль мен кубок табыстады.
Сонымен қатар қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, исламдағы ауызбіршіліктің мәні, адами құндылықтар турасында насихат айтылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі