Мәртөк: «Бата – сөздің анасы» атты сайыс ұйымдастырылды
«Бата – сөздің анасы» атты батагөй ақсақалдар арасында Мәртөк аудандық мешіті аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып, бата сайысын ұйымдастырды.
Аталған рухани додаға ауданның аузы дуалы, көнекөз қариялары қатысты.
Жарыс барысында ақсақалдар баталарын беріп, халық ауыз әдебиетіндегі өнегелі әңгіме-дастандары да айтты.
Сайыс мәресінде ақсақалдарды «Батагөй ақсақал», «Қазыналы ақсақал», «Зерделі ақсақал» номинациялары бойынша Мәртөк аудандық мәдениет үйі басшысы Ноғаев Махамбет, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыдырбай Шудабаев және аудандық мешіттің Бас имамы Ералин Зарлық марапаттады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі