«Мәйітті жуындыру, кебіндеу тәртібі» тақырыбында тәжірибелік дәріс өтті
Шалқар ауданында ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі аясында «Мәйітті жуындыру, кебіндеу тәртібі» тақырыбында тәжірибелік дәріс өтті.
Дәріс барысында Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Жамбыл Тлеубай «Өмірдің мәні», «Өлім - ақиқат» т.б тақырыптарына тоқталды.
Сонымен қатар имам ақырет киімдері, олардың атаулары мен түрлері, өлшемдері туралы баяндап, іс жүзінде киімдерін пішіп, таныстырды. Одан кейін мәйітті жуу тәртібі, ескерілетін жағдайлар, тыйымдар, жуу барысында қажетті заттар туралы кеңірек тақырыбын аясын аша түсті.
Дәріс барысында іс жүзінде «Мәйітті жуындыру және кебіндеу» бастан-аяқ көрсетіліп шықты.









































