МҮФТИЯТТЫҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНАСЫ АШЫЛАДЫ
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде мәлімдеді.
Дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдаған Бас мүфти: «Алла қаласа, республикалық маңызы бар 3 қаладан, сонымен қатар барлық облыс орталықтарынан мүмкіндігінше әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге арналған қайырымдылық негізінде мүфтият жатақханаларын ашамыз» деп атап өтті.