Мешіт шәкірттері дәстүрге арналған додаға қатысты 3125

Мешіт шәкірттері дәстүрге арналған додаға қатысты

25 қараша 2023 1971 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі ММ-нің Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастырумен Ақтөбе қаласында әйел жамағатына арналған «Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы» атты байқау өтті. 

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін байқауға Ақтөбе облыстық. «Нұр Ғасыр» мешіті, Ақтөбе қалалық орталық мешіті және «Бақытжан» мешітіның шәкірттері қатысты.

Шәкірттер дода салт-дәстүрд туралы терең білімдерін көрсете білді. Ұлттық тағамдарымыз ет, сүт, ұн өнімдерінің, тіптен қарын бүрме, әсіп, бұжы т.б дәмділеп әзірлеп, олардың шығу тарихы, жасалу жолдарын таныстырды.

ІІІ кезеңнен тұрған тартысты доданың нәтижесінде І орынды «Бақытжан» мешітінен Қалмұратова Сания, ІІ орынды облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен Қанымқұлова Гүлбаршын, ІІІ орынды Ақтөбе қалалық мешітінен Кулданова Акзира иеленді.

Шара қортындысында «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, облыстағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушқарова қазақ халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктері, ұсынылудағы маңызы жөнінде айтса, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова «Ислам дініндегі адал астың маңызы» туралы баяндады.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі