Мұғалжар: «Истиғфар мен салауаттың маңызы» атты рухани кеш ұйымдастырылды 2373

Мұғалжар: «Истиғфар мен салауаттың маңызы» атты рухани кеш ұйымдастырылды

28 қаңтар 2023 318 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айына дайындық ретінде истиғфар, салауат, зікір айтуды күнделікті қолданысқа енгізу мақсатында Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің ұстазы Айдана Талғатқызы мешіт жамағатына арнап «Истиғфар» атты онлайн марафон өткізіп, оған 30 адам қатысты. 

Аталған марафонға мешіт шәкірттері қатысып, белсенділік танытты.

Қорытындылау мақсатында офлайн форматта «Истиғфар мен салауаттың маңызы» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

Кеш Құран оқумен басталып, ұстаздың насихатымен жалғасты. Сонымен қатар қатысушылар арасында білім жарысы ретінде ойындар өтті.

Қортынды кешке 35 адам қатысып, оның ішінде 6 адам марафон жеңімпаздары ретінде, 4 адам белсенділік танытқаны үшін, 5 адам мешіт белсенділері ретінде марапатталды.

Қатысушылар рухани іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі