«Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Хромтау ауданында басталды 2491

«Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Хромтау ауданында басталды

16 ақпан 2023 92 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы қолға алынып, 16-17 ақпан күндері Хромтау ауданында жалғасын тапты. 

«Көшпелі уағыз-насихат» құрамында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизада, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Алмат Әли мен Нұрбол Смағұлов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы, Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата»,«Әл-Латиф»,«Қайырқожа» мешітінің имамдары, Ақылбек Урдакулов, Қанат Қасымов, Шыңғыс Құлшаров және Қобда ауданының Бас имамы Абай Шимбулатов, «Мәртөк» ауданының Бас имамы Зарлық Ералин, Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен республикалық «Мұнара тв» етелеарнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова т.б қатысты.

Іс-сапардың алғашқы күнінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Күзенбаев т.б имамдар Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Рақымжанұлының қабылдауында болып, ауданындағы 2 күндік жұмыс жоспары талқыланды.

Әкімнің орынбасарымен кездесу барысында Серікжан Еншібайұлы жергілікті діни ахуалдың жай-күйін айта келе, өңірдегі жат ағыммен күресу жолдары, жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру, аудан мен ауданға қарасты ауылдағы дін мамандарына әдістемелік көмек беру жолдарын ашық түрде айтып өтті.

Сонымен қатар Мадияр Рақымжанұлы атбасын тіреп, ауданға арнайы келген облыстың Бас имамына ризашылығын білдірді.

Ресми жиыннан басталған іс-сапар аудандық мұражайдағы экскурсиямен жалғасып, дін мамандарына ауданға қарасты құнды тарихи жәдігерлер таныстырылды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі