Әйелдер арасында Ораза айт шарасы өтті 3353

Әйелдер арасында Ораза айт шарасы өтті

13 сәуір 2024 1507 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен "Ораза айт құтты болсын! " тақырыбында іс-шара өтті.

Шара барысында "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай әйел жамағатын айтпен құттықтады. Сонымен қатар, діни, логикалық сұрақтар қойып, белсенді жауап берген қыз-келіншектерге бағалы сыйлықтар табыстады.

Аталмыш шарада, психолог маманы Құралай Құрбанова салт-дәстүр аясында бесікке салу, тұсаукесер рәсімдерін көрсетіп, түсіндірді.