Әйелдер арасында алғыс айту күні іс-шара өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында Алғыс айту күніне орай мерекелік кеш өтті.
Аталмыш шарада, белсенді әйел жамағаты марапатталды.
«Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Көркем мінез» тақырыбында насихат айтып, алғыс күнімен құттықтады.
«Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-ніі психолог маманы Құралай Құрбанова «Қазақтың ырым тыйымдары» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі