Имамдар Тоқпан тамын зиярат етті 6731

Имамдар Тоқпан тамын зиярат етті

14 қазан 2026 200 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Дархан дала» жобасы аясында Шалқар ауданының имамдары XIX ғасырдың басында тұрғызылған тарихи ескерткіш — Тоқпан тамын зиярат етті.

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен рухани сапарға 5 имам және мешіт ақсақалдары қатысты.

Сапар барысында ауыл ақсақалы Жұмасейт Жұмабайұлы аудан имамдары мен ақсақалдарға жол бастап, Шалқар өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен таныстырды. Жаңақоныс елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан Тоқпан тамының тарихы мен ерекшеліктері жөнінде мәлімет берді.

Тоқпан — қазақтың даңқты батыры Есет Көтібарұлының әкесі Көтібар батырмен туыстас болған, өз дәуірінде елге сыйлы, дәулетті әрі халқына жанашыр тұлғалардың бірі. Осы тұста аудан имамдары мен ақсақалдар тарихи орынға зиярат жасап, марқұмның рухына Құран бағыштады.

Айта кетейік, Тоқпан тамы — мазар күйдірілген кірпіштен қаланып, маңдайшасы шикі кірпішпен өрілген. Күмбездің батыс іргесіне өмірбаяндық және бағыштау жазулары бар құлпытас орнатылған.

Тоқпан тамы — ұлттық сәулет өнерінің тарихи мұрасы әрі Қазақстан Республикасы тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының тізіміне енген ескерткіш.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі