Имам: Жақсы сөз – жан азығы 1293

Имам: Жақсы сөз – жан азығы

11 ақпан 2022 162 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» мешітінің имамы Абат Жалимов «Aqtobe» телеарнасындағы тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында қонақ болды.

Имам бағдарлама барысында «Жылы сөз – жанды жадыратар» тақырыбында мұсылманның сөйлеу әдебі туралы сүбелі сұхбат берді.

«Алла Тағала адамды көркем бейнеде жаратқаны ақиқат. Бұл жерде тек дене-бітімімізді, жан дүниемізді ғана емес, бізге берілген ойлау, көру, есту, сөйлеу сынды қасиеттерді де меңзеп отырмыз. Соның ішінде, сөз арқылы өз ойларымызды жеткізу қабілетінің орны бір бөлек.

Бұл туралы Құранда: «Мейірімді Алла. (Ол)бізге Құранды тағылым етті. Адамзатты жаратты. Оған (сөз) сөйлеу қабілетін дарытты» делінген.

Сөздерді саналы түрде айту мүмкіндігі, бізді өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп қана қоймай, адам ететін қасиеттердің бірі. Сөйлеу нығметі үшін біз Жаратушы Аллаға шүкір етіп қана қоймай, тек жақсы һәм ізгі сөздер айтуға тырысуымыз керек», - деп сұхбатты түйіндеді Абат Жалимов.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі