Ғибрат: «Кешірім – бақыт баспалдағы» тақырыбында сұхбат өтті
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің «Ғибрат» жобасы аясында «Кешірім – бақыт баспалдағы» тақырыбында «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбековпен онлайн сұхбат өтті.
Тікелей эфир барысында ағайынның арасындағы алауыздықтан кешіре алмай жүрген адамдарға ақыл-кеңестер айтылып, адам өмірінде, исламда кешірімнің орны мен маңыздылығы туралы тоқталды.
Онлайн сұхбатты 200-ден аса көрермен тамашалады.
Эфирді тізгіндеген Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов.
Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі деген түйінмен сұхбат қортындыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі