Дін қайраткерлерін ақтауға арналған конференцияға Ақтөбе өкілдігі қатысты 985

Дін қайраткерлерін ақтауға арналған конференцияға Ақтөбе өкілдігі қатысты

21 қазан 2021 134 Оқу 1 минут

Бүгін Алматы қаласында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ»: КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда офлайн форматта Ақтөбе облысынан Амангелді Айталы, Айшуақ Дәрменұлы мен Рахым Бекназарұлы баяндама жасады.

Ал конференцияға онлайн форматта облыстың Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің имамдары мен қала имамдары қатысты.

Баяндамашы Амангелді Айталы атеизм зардаптарына тоқталса, Айшуақ Дәрменұлы саяси қуғын-сүргін көрген ұлт қаймақтарының қатарында болған Досжан хазірет туралы мұрағаттардағы мемлекеттік тұрғыда алуға шектеуді шешу мәселерін қарастарыруды ұсынды. Ал Рахым Бекназарұлы сол кездегі саяси құрбан болу жолындағы мешіттерге қатысты мәселерді көтерді.

Одан өзге конференцияда «Ел арасындағы дін қайраткерлері жайлы ауызша және жазбаша деректерді жинақтап, архивтердегі ғылыми мәліметтер мен құжаттарды тауып, олардың есімін есте қалдыру үшін жұмыс істеуіміз керек. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру – бізге аманат» – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі