Бозойда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды
Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Әбдіисламұлының бастамасымен Бозой ауылында мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті.
Жарысқа өңірдің аудан, ауыл мешіттері жамағатынан құралған 4 команда қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, ерекше ойын көрсеткен 3 командаға арнайы ақшалай жүлде табысталды.
Жарыс қортындысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің жамағатынан құралған «Шалқар» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болып, 5 мың теңгені иеленсе, Бозой ауылының «Сұңқар» командасы ІІ орынға табан тіреп, 10 мың теңге сыйақыны қажығасына байлады. Ал турнирде үздік нәтижемен Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің жамағаты І орынды жеңіп алып, 15 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.
Жарыс қортындысында Бозой ауылының жастары өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп ауданнан келген қонақтарға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.
Іс-шара дастархан басында Шалқар аудандық мешітінің найб имамы Нұрсұлтан Жүнісәлінің уағыз-насихатымен жалғасын тапты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі