Бас мүфти съезд хатшылығында баяндама жасады
Бүгін елордада басталған Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің ХІХ отырысына қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.
«Кез келген дәстүрлі дін халықты адамгершілік пен ізгілікке үндейді. Дін – адамдық қасиетті қалыптастыратын теңдессіз тәрбие мектебі. Демек біз діннің осынау қуатты күшін адамдар арасындағы достық, өзара сыйластық пен құрметті арттыруға бағыттауымыз керек.
Расында, біз бейбітсүйгіш халықпыз және әлем халқын бейбіт өмір сүруге үндейміз. Елімізде тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі осыған дәлел» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.