Бас имам мектеп оқушыларымен кездесті
Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Сұлтанов Дөн ауылдық мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында «Діннің радикалдануы – қоғамға төнген қатер” атты семинар сабағын өткізді. Бас имам ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері мен Абай, Шәкірім секілді қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті. 9-11 сыныптан құралған 112 оқушы қатысқан жиында білім алушы шәкірттер дін қызметкеріне өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар тыңдады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі