Қарғалы: Ауданның Бас имамы Жосалы ауылында кездесу өткізді
ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» аясында Қарғалы ауданының бас имамы Нұрлан Қырықбаев Жосалы ауылының халқымен мәдениет үйінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жол, дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет екендігі түсіндірілді.
Сонымен қатар тақырып аясында қатысушылардың сұрағына жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі