20 Сафар
18:23 Екінті
«Қабақ баба» мешітінің баспалдағы жаңартылды 4718

«Қабақ баба» мешітінің баспалдағы жаңартылды

28 July 2025 81 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің баспалдағы жаңартылды. 

Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен қолға алынған жауапты іс тиісті деңгейде атқарылып, аяғына жетті.

Бірнеше уақытқа созылған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мешіт алды көркейіп, ерекше көрікке ие болды. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Шынында, Алла Тағала көркем, әрі көркемдікті жақсы көреді…», – дегеніндей, мешіт пен мешіт ауласының таза әрі әсем болуы дініміздің талабы мен әрбір адамның көңіл қалауы.

Аталған іске қолдау білдіріп демеушілік танытқан әрбір азаматқа алғыс білдіріп, ниеттеріне сансыз сауаптар жазылсын деп тілейміз.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі