«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ АҚТӨБЕ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ 6253

«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ АҚТӨБЕ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ

04 April 2026 25 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жергілікті жамағатқа насихат айтты.

Кездесу барысында исламдағы уақып ұғымының терең мәні мен қоғамдағы орны кеңінен түсіндірілді. Уақып – адам баласының мал-мүлкін Алла разылығы үшін арнап, оның пайдасын халық игілігіне тұрақты түрде жұмсауы екені айтылып, бұл амалдың сауапы үзілмейтін сауаптардың бірі – садақа жария екені жамағатқа жеткізілді.

Сонымен қатар, тарихта уақыптың арқасында мешіттер, медреселер, ауруханалар, білім ошақтары мен түрлі әлеуметтік нысандар бой көтергені тілге тиек етілді. Бұл – мұсылман қоғамының өркендеуіне, елдің бірлігі мен берекесінің артуына себеп болған игі дәстүр екені атап өтілді.

Насихат барысында жамағат ізгі амал жасауға, қоғамға пайда келтіретін сауапты істерге белсенді болуға шақырылды. Уақып жасау арқылы әрбір мұсылман артында өшпейтін із қалдырып, сауапты амал дәптерін жалғастыра алатыны айтылды.

Сонымен қатар “Қазақ Құран баспасы” жобасы туралы кеңінен түсіндіріп, слайд түрінде жамағатқа ақпараттар берді. Жасалған жұмыстарды тілге тиек етіп, уақып ісіне қолдау білдіруге шақырды.