Ақтөбе қарилары табиғат аясына шықты
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Құран» секторының ұйымдастыруымен «Құран — мәңгі мұғжиза» атты шара өтіп, Ақтөбе қарилары табиғат аясына шықты.
Шара барысында облыс бойынша «Құран» секторына жауапты маман, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов сектордың жұмыстарына тоқталып, өңірдегі қарилардың әлеуетін көтеру мәселесіне тоқталды.
Аталған шараға қарилар Құлағанбетұлы Ерәлі, Тасбулатов Бекзат, Раушан Хабибулла, Серікұлы Хасан, Хамитов Мырзабек пен шәкірттер қатысты.
Әр қари шәкірттерге Құран жаттаудың маңызы туралы жіті тоқталып, кеңестерін айтты.
Сауабы мол игі шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі