Мұқтаж отбасыларға көмек берілді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала бас имамы әрі «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған шара демеушілердің қолдауымен жүзеге асып, мешіт қызметкерлеріне әлеуметтік көмек ретінде бір қап картоп, 10 кг ұн және бір пакет пияз таратылды.
Игі бастаманың мақсаты – дін қызметкерлеріне қолдау көрсету, қайырымдылық мәдениетін дамыту және жамағат арасында ізгілік пен жанашырлықты насихаттау.








































