«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты шара ұйымдастырылды
Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде бас имам Нұрлыбек Молдабайұлының мұрындық болуымен Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттырып, сүннетті жандандыру мақсатында жамағатқа арнап дастархан жайылып, рухани бас қосу ұйымдастырылды.
«Мәңгілік өнеге – Мұхаммед» атты тағылымды жиында «Досжан хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен алынған ғибратты оқиғалар мен өнегелі сүннеттер жайында насихат айтып, Пайғамбар жолын қазіргі уақытта қалай ұстануға болатыны жөнінде кеңінен түсіндірді.
Одан өзге «Әс-Сәлам» мешітінің ұстазы мәуліт жырын оқыды.
Алла Тағала мәуліт айында жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етсін!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































