Ұлттық ойындар: Арқан тартудан жамағатаралық сайыс өтті 4935

Ұлттық ойындар: Арқан тартудан жамағатаралық сайыс өтті

19 October 2025 114 Оқу 1 минут

ҚМДБ жылғы 2025 жылғы жұмыс бағыттарының бірі - “Дін мен дәстүр” бағыты. ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешіті, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы және “Ихсан” орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысына қарасты 12 аудан және Ақтөбе қаласы мешіттері жамағаты арасында қазақ ұлттық ойындарынан спартакиада сайысы өтті.

Атап айтсақ, садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту, асық ату, гір көтеру ойындарынан жаммағат өзара сайысты.

Ақтөбе қаласы, №1 спорт мектебінде өткен сайыстың ашулу салтанатында Ақтөбе облыстық Дін істеру басқармасының басшысы Қаныбек Сейсенғалиұлы және Ақтөбе облысының БАс имамы Амантай Садиев алғы сөз сөйлеп, сайыстың маңыздылығына тоқталып, қатысуышаларға сәттілік тіледі. Ұлттық спорт пен пайғамбар сүннетінде келген спорттық ойындарды тірілтуге атсалысып жатқан жамағатқа рахмет айтып, “Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға сүйкімді” деген хадисті тілге тиек етіп, спортпен айналысу жалқаулық, күнә, бейқамдық секілді қасиеттерден арылтып, елге қызмет пен құлшылыққа белсенді болуына септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ сайыстың негізгі мақсаты жамағат арасында бірлі пен татулықты насихаттайтынын жеткізді.

Сайыстың нәтижесінде Арқан тартудан алыстан ат терлетіп келген Шалқар ауданы мешіт жамағаты 1 орынды жеңіп, сыбағасына 150 000 теңге байлады. 2 орын - Темір ауданы (100 000 тг), 3 орын – Ойыл ауданы (50 000 тг) жеңіп алды.