«Дін саласының үздіктері – 2025»: «Үздік имам – 2025» — Талғат Аманов 5071

«Дін саласының үздіктері – 2025»: «Үздік имам – 2025» — Талғат Аманов

13 December 2025 84 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында облыстық дін істер басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласының үздіктері – 2025» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. 

Үш күнге созылған байқаудың негізгі мақсаты – облыс көлемінде діни тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік саясатты насихаттауға, қоғамға рухани-тәрбиелік бағытта еңбек етіп жүрген мамандарды анықтау, ынтыландару және олардың кәсіби беделін арттыру.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар 3 кезең бойынша сынға түсті:

I кезең – техникалық іріктеу (портфолио, шығармашылық материалдар);

II кезең – конкурстық іріктеу (бейнеролик дайындау);

III кезең – ситуациялық тапсырмалар (көпшілік алдында сөз сөйлеу).

Салтанатты жиынға облыстың Бас имамы Амантай Садиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаныбек Жақсығалиев, мәслихат депутаты және аудан өкілдері қатысты

Марапаттау рәсімінде қатысушыларға алдын ала берілген бейнероликтерден үзінді көрсетіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар:

•«Үздік имам – 2025» — Аманов Талғат Бақытқалиұлы (Ақтөбе қаласы, «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы)

•«Үздік теолог – 2025» — 2 орын: Сапар Айсұлтан (Қарғалы), Бисембаева Роза (Қобда)

•«Үздік бейнеролик – 2025» — Шалқар ауданы

•«Үздік діни медиа-ағартушы – 2025» — Сағидолла Абдулазиз («Ихсан» орталығының SMM маманы)

•«Үздік аудан – 2025» — Байғанин ауданы

•«Үздік АТТ мүшесі – 2025» — Меделбаев Қуаныш (Байғанин), Айтжанова Әлия (Шалқар)

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі