БРАЙЛЬ ҚАРПІМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚҰРАН КӘРІМ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ 5362

БРАЙЛЬ ҚАРПІМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚҰРАН КӘРІМ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

01 July 2025 10 Оқу 1 минут

Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ерекше рухани іс-шара өтті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен дайындалған, көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Брайль қарпімен жазылған Құран Кәрім кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

Аталған игі жоба жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында айтылған маңызды бастамалардың бірі ретінде жүзеге асып отыр.

Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл кітаптың барлық өңірлік өкілдіктерге таратылып, арнайы оқыту курстары ұйымдастырылмақ.