Бас мүфти Ақтөбе облысының Бас имамына үлкен Қажылыққа жолдама сертификатын табыстады
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде мүфтияттың «Қажылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Нұрлыбек Такеев ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атынан Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиевке үлкен Қажылыққа жолдама сертификатын табыстады.
Бүгінге дейін 5 облыста бас имам қызмет Амантай Әбілдаұлының ҚМДБ қызметінде 29 жыл еңбек өтілі бар. Ислам діні мен халыққа жасаған еңбегін ҚМДБ ескере келіп, ризашылығын білдірді. Жолдама табыстау салтанатының қортындысында Бас имам мен Ақтөбе жамағаты Бас мүфти мен ҚМДБ-ға алғысын айтты.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
1997-2010 жылдары – Атырау облысы Жылыой ауданының Бас имамы;
2010-2012 жылдары – Атырау облысы, Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде наиб имамы;
2012-2013 жылдары – ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы; 2013-2016 жылдары – ОҚО Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде найб имамы;
2016-2017 жылдары – ОҚО орталық «Халифа Ан-Нахаян» мешітінде наиб имамы;
2017-2020 жылдары – Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы орталық мешітінде бас имам;
2020-2021 жылдары – Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» орталық мешітінде бас имам;
2021-2022 жылдары – Алматы қаласы, Әуезов ауданы, «Таугул-3» мешітінде наиб имам;
2022 -2024 жылдары – Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-Ата» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.
2024 жылдың 23 тамызынан бастап Ақтөбе облысының Бас имамы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы.
Облыстың Бас имамы қазақ елінен баратын қажыларға биылғы қажылық маусымында уағыз-насихат айтып, жолбасшылық ететін болады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































