Жаңалықтар
25 December 2025 192
ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев мерекелік медальмен марапатталды.

Жаңалықтар
21 December 2025 86
Бас мүфтидің Ережеп айымен құттықтауы

Ережеп – берекелі һәм ұлық ай. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген.

Жаңалықтар
16 December 2025 58
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰТАСТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Әр халықтың тағдырында ерекше мәнге ие тарихи белестер болады. Солардың ішінде елдің еркіндігін айғақтайтын, ұлттың рухын асқақтатып, жаңа дәуірдің есігін айқара ашатын айтулы күндер бар. Ұлт үшін ұмытылмас ұлы күндердің бірегейі – Тәуелсіздік күні. Бұл – халқымыздың сан ғасыр армандаған азаттығының ақ таңы атқан күн, елдігіміздің мәңгілікке бекіген сәті.

Жаңалықтар
24 August 2025 166
Мәуліт айымен Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің құттықтауы

Баршаңызды адамзаттың асылы, екі дүние сәруары ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.